"Алғашқы қоңырау" салтанатты жиын өтті » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Алғашқы қоңырау" салтанатты жиын өтті
01
қыркүйек
2023

"Алғашқы қоңырау" салтанатты жиын өтті

1- қыркүйек Білім күні. "Әділетті Қазақстан:сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұрпақ" тақырыбында 1-қыркүйек Білім күніне орай салтанатты жиыны өтті. Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың оқуға құштарлығын ояту, білім алуға жағымды көңіл-күі мен оң көзқарас орнату. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. 
Мектеп директоры Г.Б.Аминова алғашқы сөз кезегін алып, оқушыларды, ата-аналарды, ұстаздарды, қонақтарды "Білім мерекесімен" құттықтады. жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Мектептің өткен оқу жылындағы жетістіктеріне тоқталып, келер жылға межелеген мақсат-міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ өз сөзінде "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясының жүргізілуіне тоқталып, бұл акцияға белсене қатысқан Қамқоршылық кеңес мүшелері, демеуші ата-аналарға Алғыс хаттарын жариялады.
 2022-2023 оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байжұманова С.О. таныстырды.Бұл күні мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған бүлдіршіндердің бал-бұл жанған жүздері, толқыған ата-аналардың көңіл-күйі, мектебін сағынған оқушылардың қуанышы мерекенің сәнін келтірді. Бишілер тобы әдемі билерін паш етсе, кішкентай әншілер әннен әсем тарту тартты. Алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу мәртебесі дәстүр бойынша 11 және 1 сынып оқушыларына берілді. 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: