Робототехника мен инновациялық технологиялар бойынша ашық чемпионат
21-22 желтоқсанда Алматы қаласында Алматы қаласы Әкімінің кубогы үшін роботехника және инновациялық технологиялар бойынша VII ашық чемпионат өтті. Мақсаты – балалар мен жастардың инновациялар мен инженерлік технологияларға қызығушылығын ояту, IT-құзыреттілікті дамыту және насихаттау, талантты жастар мен балаларды анықтау және қолдау. Чемпионат инженерлік жоба, бағдарламалық жоба, IT-тегі бизнес, 3D модельдеу және 3D графикасы, VEX Robotics, Кегельринг, Line бағыттары бойынша өткізілді.