Біздің жетістіктеріміз » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Біздің жетістіктеріміз
"Ұстаз барысы -2023"
25
желтоқсан
2023
"Ұстаз барысы -2023"
14 желтоқсан 2023 жылы Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен және "Алматы қалалық "Ұстаз" жергілікті кәсіподақ ұйымының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінен орай "Ұстаз Барысы -2023" сайысы өтті. Қала мектептерінің ең үздік спортшы ұстаздары бәсекеге түсіп, бағын сынады. Сайыс қорытындысы бойынша мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі Мұхаметчанов Адиль 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 1-орынға ие болды.
"Үздік сабақтар қоры" қалалық байқау
22
қараша
2023
"Үздік сабақтар қоры" қалалық байқау
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының "Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері"   бағдарламасы аясында орта білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткізілген "Үздік сабақтар қоры"  атты қалалық байқаудың қорытындысы бойынша "Математика" пәнінен №160 ЖББМ математика пәні мұғалімі Аскарова Г.А. 2-орынға ие болды.
Ұстаздарымыз Алғысхаттармен марапатталды
24
қазан
2023
Ұстаздарымыз Алғысхаттармен марапатталды
Қазақстан ғылымының жұлдыздары: JuniorEdition Звезды Казахстанской науки атты 1-11-сынып окушылары, ЖОО және колледж студенттері арасында өткен Республикалық ғылыми-зерттеу жобасына қатысушылар мен жеңімпаздарды ұйымдастырып және дайындағаны үшін қазақ тілі пәні мұғалімдері Ракишева Ақбота ждәне Кеңес Мөлдір Алғысхаттармен марапатталды. Құттықтаймыз!  
Педагогикалық идеялар фестивалінің қалалық кезеңі
14
ақпан
2023
Педагогикалық идеялар фестивалінің қалалық кезеңі
Табысты педагогикалық тәжірибемен алмасып, зияткерлік еңбектерінің нәтижелерін көрсетуді қалайтын белсенді және шығармашылық мұғалімдерді анықтауға бағытталған жаңашыл педагогтың құрылымдық-мазмұндық моделін жасайтын «Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқауының Алматы қаласы бойынша кезеңінің қорытындысы шығарылды. Фестивальдің мақсаты – талантты педагогикалық қызметкерлерді анықтау, оларды қолдау және мадақтау; педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру 
Педагогикалық идеялар фестивалінің аудандық кезеңі
13
ақпан
2023
Педагогикалық идеялар фестивалінің аудандық кезеңі
Табысты педагогикалық тәжірибемен алмасып, зияткерлік еңбектерінің нәтижелерін көрсетуді қалайтын белсенді және шығармашылық мұғалімдерді анықтауға бағытталған жаңашыл педагогтың құрылымдық-мазмұндық моделін жасайтын «Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқауының Алматы қаласы, Алатау ауданы бойынша кезеңінің қорытындысы шығарылды.  Байқаудың Алатау ауданы мектептері бойынша кезеңі  "Шеберлік палитрасы" (пән мұғалімдері); "Шығармашыл толқын", "Сабақ аяқталған соң...", "Психологиялық
Тағы бір жеңіс!
05
қаңтар
2023
Тағы бір жеңіс!
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арнап "Мен-репортермін" республикалық байқауы, "Жетістік портфолиосы" мектеп парламенті мүшелері арасындағы республикалық байқауы ұйымдастырылды.