2022-2023 оқу жылы 3 тоқсан нәтижесі: педагогикалық кеңес өтті » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022-2023 оқу жылы 3 тоқсан нәтижесі: педагогикалық кеңес өтті
27
наурыз
2023

2022-2023 оқу жылы 3 тоқсан нәтижесі: педагогикалық кеңес өтті

27 наурыз күні №160 ЖББМ педагогикалық қызметкерлер құрамы 2022-2023 оқу жылының 3-тоқсанының аяқталуына байланысты педагогикалық кеңес өткізді. Күн тәртібінде 3 тоқсан бойынша білім сапасы мен үлгерімі, оқушылардың білім алуға деген уәжділігін арттыру жолдары қарастырылды. Бірінші сұрақ бойынша директордың оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары Әлішерқызы Ж. мектептің білім сапасы 48% пайыз болғанын, бұл 2-тоқсанға қарағанда екі пайызға аз екені айтылды. Осы сұрақ бойынша ӘБ жетекшілері жеке-жеке сөз алып, жалпы білім беретін пәндер бойынша білім сапасымен таныстырды.
Екінші сұрақ бойынша директордың оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасары Байжұманова С.О., тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кегенбаева А.А., мектеп психологтары Бурамбаева З.А., Төлеген А.Б. бірлесіп "Оқушылардың оқуға ынта-жігерін қалай арттыруға болады?" тақырыбында тренинг өткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: