"2023-2024 оқу жылын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына қойылатын мақсат, міндеттермен таныстыру" №1 педагогикалық кеңес өтті » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "2023-2024 оқу жылын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына қойылатын мақсат, міндеттермен таныстыру" №1 педагогикалық кеңес өтті
31
тамыз
2023

"2023-2024 оқу жылын ұйымдастыру, жаңа оқу жылына қойылатын мақсат, міндеттермен таныстыру" №1 педагогикалық кеңес өтті

2023-2024 оқу жылының басталуына орай №160 ЖББМ педагогикалық қызметкерлердің №1 педагогикалық кеңесі өтті.

Бірінші кезекте мектеп директоры Аминова Г.Б. ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібінде "2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың ерекшеліктері" Әдістемелік нұсқаулықпен таныстыру бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байжұманова С.О., екінші мәселе - педагогикалық қызметкерлердің функционалдық міндеттері мен оқу жүктемелерімен оқу ісі жөніндегі орынбасары Әлішерқызы Ж. сөз алды. 
Кеңес соңында мектеп директоры келер жылға қойылатын мақсат-міндеттерді межелеп, ұжымды жаңадан қосылған ұстаздармен таныстырып, сәттілік тіледі.   


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: