"Республикалық референдум туралы не білуіңіз керек?" » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Республикалық референдум туралы не білуіңіз керек?"
16
сәуір
2024

"Республикалық референдум туралы не білуіңіз керек?"

Еліміздің болашағына алаңдар азамат пен жауапкершілікті арқалар тұлға тәрбиелеу - мектеп тәрбие жұмысының басты міндеті. Бүгінгі заманға сай икемді, қоғамдық сана мен азаматтық ой-өрісі дамыған, азаматтық көзқарасын бүкпей көрсетіп, белсене ел игілігі үшін қызмет ететін адам тәрбиелеу күн тәртібінде өзекті мәселе болып қаралады. Осы орайда оқушылардың құқықтық сауаттылығын жастайынан арттырып, жетілдіріп отыру маңызды. 16 сәуір күні 8-11-сыныптар  оқушылары үшін "Республикалық референдум туралы не білуіңіз керек?" тақырыбында сынып сағаты өтті. Жоғары сынып оқушылары ел өмірі үшін аса маңызды болып саналатын, Конституциялық мәртебесі аса жоғары Референдум туралы білім алып, өзара әңгіме-сұрақтар арқылы көкжиектерін кеңейтті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: