"Еңбек ардагері" медалімен марапатталды » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Еңбек ардагері" медалімен марапатталды
27
тамыз
2023

"Еңбек ардагері" медалімен марапатталды

Алматыда "Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт" тақырыбында білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті. Форумға республиканың түкпір-түкпірінен 2900 білім беру қызметкерлері жиналды. Жиында білім беру саласындағы жэетекші мамандар, ғалымдар мен педагогтар тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісті, күнделікті жұмыста кездесетін жетістіктер мен қиындықтар туралы айтты.

 Ал кеңес отырысының екінші күні білім саласында 30 жылдан астам жұмыс өтілі бар алматылық ұстаздар  Оқу-ағарту министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Олардың қатарында мектебіміздің сызу пәні және технология мұғалімі, 40 жылдық еңбек өтілі бар ардагер ұстаз Каратаева Күлән Каратаевна да бар. Жас ұстаздарға еңбекқорлық пен табандылықтың, мамандыққа адалдықтың озық үлгісі болған Күлән Каратаевнаны марапатымен құттықтаймыз! 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: