"Адал ұрпақ" клубының отырысы өтті » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Адал ұрпақ" клубының отырысы өтті
12
сәуір
2023

"Адал ұрпақ" клубының отырысы өтті

Мектептерде жасөспірімдердің мінез-құлқында жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру мақсатты әрі жүйелі түрде жүргізіледі. Осы бағыттағы жұмыстарда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының орны ерекше. Әрбір қазақстандық, әрбір отбасы жемқолықпен күрестің қоғамға ортақ іс екендігін, сонымен бірге әр азаматтың борышы болып саналатындығын жете түсінуге тиісті. Сондықтан да баланы кішкене кезінен отансүйгіштікке, қоршаған орта мен салт-дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке құлшынысқа, тәртіптілік пен адалдыққа баулу керек. Білім мен тәрбие адам бойында жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуының негізі болып саналады. Жемқорлыққа қарсылық білім берудің барлық сатысында жүргізілуге тиісті және мемлекеттік білім стандарттары аясында, жалпы білім беру бағдарламаларына негізделген, қоғам мен мемлекеттің, жеке тұлғаның мүдделеріне ыңғайластырылған білім беру мен тәрбиелеудің мақсатты үдерісі ретінде ел игілігіне қызмет етуге міндетті. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарын осы тұрғыда оқушылар бойында жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыратын, құқықтық сана мен мәдениеттің деңгейін арттыратын ерікті бірлестік ретінде қабылдауға болады. 
Осы орайда 12 сәуір күні клубтың мүшелерінің кезекті отырыс өтті. Клуб мүшелері жыл бойы атқарылған іс-шараларды қорытындылап, нәтижелілігіне байланысты сауалнама толтырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: