Ұлағатты ұстаз К.К.Каратаеваны марапатқа ұсыну туралы » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлағатты ұстаз К.К.Каратаеваны марапатқа ұсыну туралы
26
мамыр
2023

Ұлағатты ұстаз К.К.Каратаеваны марапатқа ұсыну туралы

2022-2023 оқу жылының аяқталуына орай өткізілген педагогикалық кеңесте мектеп директоры Аминова Г.Б. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы  2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығына сәйкес, мектебіміздің ардагер ұстазы, 48 жыл еңбек өтілі бар, сызу және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі К.К.Каратеваны "Білім және ғылым министрінің Алғысы",  "Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы" марапаттарына ұсыну жөнінде педагогикалық құрам алдында ұсыныс жасады. 


К.К.Каратаева - түрлі республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздарын даярлап жүрген ұстаз. Көп жылдар бойы мектептегі "Ұстаз" кәсіподақ ұйымының төрайым болып, әріптестерінің беделінің өсуі мен кәсіби шыңдалуына, құқықтарының қорғалуына адал қызмет еткен тұлға. Мектеп ұжымының алдындағы беделі орасан зор. Осы орайда №160 ЖББМ әкімшілігі мен мектеп ұжымы  Министрлік марапатқа ұсынуға әбден лайық деп бірауыздан келісті. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: