Тағы бір жеңіс! » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тағы бір жеңіс!
05
қаңтар
2023

Тағы бір жеңіс!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арнап "Мен-репортермін" республикалық байқауы, "Жетістік портфолиосы" мектеп парламенті мүшелері арасындағы республикалық байқауы ұйымдастырылды. 

Байқауға республиканың түкпір-түкпірінен 100-ден астам оқушылар қатысты. "Мен - репортермін" байқауында "Менің мекенім" тақырыбында видео, фото репортаждар жасаса, "Жетістік портфолиосы" байқауында мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшылары атқарған жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, эссе жазып, презентациялық жоба жасады. 

Бұл байқауға біздің мектебіздің 10-сынып оқушылары Мухаметалиева Камилла мен Дереев Кирилл қатысып, жүлделі 3-орынға ие болды. Ал жетекшілері Алғысхаттармен марапатталды. Жеңімпаз оқушыларды жеңісімен құттықтаймыз, сәттілік тілейміз! 


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: