«Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»
13
қазан
2021

«Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»

Қазан айының он үшінші жұлдызында мектебімізде "Сұңқар" бастауыш партия ұйымының кезектң басқосуы болып өтті. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауын талқылау мақсатында ұйымдастырылған жиналыста алғашқылардың бірі  болып  «Сұңқар»  бастауыш партия ұйымының  төрайымы Даулетова Гульнара Арыстановна  сөз сөйледі. Ол жиналысқа қатысушыларды ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жаңа  жолдауымен таныстырып өтті.
Келесі болып сөз кезегін алған кәсіподақ комитетінің төрайымы Каратаева К.К.  арнайы баяндама әзірлеп, Жолдауда айтылған әр бөлімге жеке-жеке тоқталып өтті. Өз кезегінде, ол Президент Қ.Тоқаевтың: «Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз, Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір Ел болып еңбек етіп жатырмыз. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда», - деп айта келе, жиналысқа қатысушы қауымды бірауыздан Жолдауға қолдау көрсетуге шақырды.





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: