Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі
07
қыркүйек
2021

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Қыркүйек айының жетінші жұлдызында мектебіміздегі  «СҰҢҚАР» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен ел президентінің жаңа жолдауы талқыланды.
Алғашқы болып сөз тізгінін алған тарих пәнінің мұғалімі Динамалиева А.С. ұстаздар қауымын ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауымен таныстырып өтті. Өз кезегінде, ол  Жолдауда айтылған  әр бөлімге жеке-жеке тоқталып өтті. Бұған қоса,  Президент Қ.Тоқаевтың: «Біздің азаматтарымыз үшін келісім мен толеранттылық – мәдениеттер мен тілдерді өзара тоғыстыратын өмірдің шынайы көрінісі, нақты болмысы. Біз – Конституцияда айтылғандай, біртұтас халықпыз. Біздің нағыз күшіміз – осында. Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте! Ендеше, бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік! Қасиетті Отанымыз мәңгі жасай берсін» - деген ұранды сөздерін тілге тиек етіп, жиналысқа қатысушы қауымды бірауыздан Жолдауға қолдау көрсетуге шақырды.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: