Хан тәңірінің мұзбалағы » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Хан тәңірінің мұзбалағы
13
ақпан
2019

Хан тәңірінің мұзбалағы

Алматы қаласы Алатау ауданы №160 жалпы білім беретін мектепте ақпанның 9-ы күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 5-8 сыныптар арасында «Мұқағали Мақатаев – біздің мақтанышымыз!» атты жыр мүшәйрасы өтті. Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріп, ақын өлеңдері жатқа оқылды. Оқушылар біртуар тұлғаның бірі Мұқағали Мақатаевтың бай шығармасымен танысып, шығармашылыққа жаны құмар жас өрендер ақынның өлеңдерінен жыр шашуын шашты. Бұл әдеби кеш мектептің кітапхана меңгерушісі мен қазақ тілі пәні мұғалімінің бірлесуімен өтті.




Тәрбие ісі жөніңдегі 
директордың орынбасары: Б.Аймағамбетов

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: