Жақыныңа қуаныш сыйла » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жақыныңа қуаныш сыйла
21
ақпан
2019

Жақыныңа қуаныш сыйла


Алматы қаласы, Алатау ауданы, №160 ЖББ мектепте 10 қаңтардан 10 ақпанға дейін жылдағы дәстүр бойынша «Қамқорлық» акциясы өтті. «Қамқорлық» акциясының мақсаты - әлеуметтік көмекті қажет ететін көп балалы отбасыларына, аз қамтылған отбасыларына, жетім балаларға, ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға материалдық және басқалай көмек көрсетілді. Мектеп жасындағы оқуға қамтылмай қалған және әлеуметтік жағдайына байланысты, мектепке келе алмай жүрген оқушылар оқуға керекті заттармен, киімдермен және аяқ киімдермен қамтамасыз етілді.
         2 «Б» сыныбының (сынып жетекшісі: Эйслер И.П.) ата-аналар комитеті «Қамқорлық» акциясын қолдап, Поповтар отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Көп балалы отбасы Жаңа 2019 жылды өз отбасымен мерекелік дастарханда қарсы алды. Осы отбасының жақында әкелері қайтыс болды. Анасы 5 баласымен, кіші баласы 1,5 жаста қалды. 
         ТОО «КазКотлоСервис» директоры Волков А.Ф. ата-ананың қамқорынсыз қалған 6 оқушыға 90000 теңге көмек көрсетті. Бұл ақшаға оқушыларға қыстық аяқ киім және киімдер алынды.
                Алматы қаласының маслихат депутаты Ли В.С. 120000 теңге аз қамтылған отбасынан шыққан 6 оқушыға материалдық көмек көрсетті. 
         Қазіргі таңда біздің мектепте 79 көп балалы және аз қамтылған отбасы тұрады. Олардан 352 аса бала, оның ішінде 194 бала біздің мектепте оқиды.  Сонымен қатар 6 оқушы қамқорлыққа алынған. 
         «Қамқорлық» акциясы аясында 55 оқушыға азық-түлік корзинасымен, ең қажетті деп табылатын киімдермен қамтылды. Ол 165000 теңгені құрайды. Бұл акцияға мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қатысты. 
         Барлық жанашырлық көрсеткен жандарға мың алғыс!
         Мектеп дәлізінде «Қамқорлық» акциясы бойынша ақпараттар ілінді. Бірінші сыныпқа баратын 25 оқушының ата-анасына мектепке қабылдау жөнінде кеңестер берілді, мектепте тегін тамақ және басқа да көмектер ұйымдастырылғаны айтылды. Мөлтек аудандарға мектеп полиция инспекторымен 6 рет рейд жұмысы жүргізілді. Мектептен себепсіз қалатын және жүйелі түрде сабаққа қатыспайтын оқушылар іздестірілді. Мұндай дәрежедегі оқушылар болмады. Мектепте күнделікті сабаққа оқушылардың қатысуы қатаң бақылауға алынған. Акция барысында 23 еңбек ардагеріне, 9 ауған соғысына қатысушылардың үйіне барып көмектер көрсетілді. Акция соңында белсенді қатысушыларды мектеп әкімшілігі салтанатты түрде алғыс хат пен  мақтау қағазымен марапаттады.
         
Мектеп директордың тәрбие
ісі жөніңдегі орынбасары:                                           Б.Аймағамбетов

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: