Педагогикалық идеялар фестивалінің аудандық кезеңі » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық идеялар фестивалінің аудандық кезеңі
13
ақпан
2023

Педагогикалық идеялар фестивалінің аудандық кезеңі

Табысты педагогикалық тәжірибемен алмасып, зияткерлік еңбектерінің нәтижелерін көрсетуді қалайтын белсенді және шығармашылық мұғалімдерді анықтауға бағытталған жаңашыл педагогтың құрылымдық-мазмұндық моделін жасайтын «Педагогикалық идеялар фестивалі» Республикалық байқауының Алматы қаласы, Алатау ауданы бойынша кезеңінің қорытындысы шығарылды.
 Байқаудың Алатау ауданы мектептері бойынша кезеңі  "Шеберлік палитрасы" (пән мұғалімдері); "Шығармашыл толқын", "Сабақ аяқталған соң...", "Психологиялық сандықша" бағыттары бойынша өткізілді.
 №160 ЖББМ ұстаздары да байқауға қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. «Сабақ аяқталған соң...» атты сынып жетекшілер байқауында Омарова Б.К. 2-орынға, «Шеберлік палитрасы», қазақ тілі пәнін оқыту бойынша – Кегенбаева А.А. 2-орынға ие болса, «Шеберлік палитрасы», биология пәнін оқыту бойынша Османова С.К. 1-орынға ие болып, қалалық кезеңге жолдама алды.
Ұстаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: