Жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы
26
қазан
2023

Жалпымектепішілік ата-аналар жиналысы

26 қазан 2023 жылы №160 ЖББМ мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. 
Күн тәртібінде 
1. "Құқықбұзушылықтың алдын-алу және шаралары" 
2. "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы"
3. Әртүрлі мәселелер 
қарастырылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухпулова Н.Т. бірінші мәселе жөнінде құқықбұзушылықтың алдын-алу, соған қарсы бағытталған шаралар туралы, құқықбұзушылыққа байланысты жауапкершілік және қазіргі балалар арасында кең белең алған  "Беги или умри" ойыны туралы талдады. Ал екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кегенбаева А.А. мектепте құрылған "Ата-аналарды қолдау орталығының" жұмысымен таныстырды. Орталықтың мақсаты мен міндеттері туралы айтып, оқу бағдарламасы сұрақтарына тоқталды. Бұл сұрақтардан соң мектеп директоры Аминова Г.Б. сөз алып, мектеп жағдайына тоқталып, оқушылардың құрамы мен оқу сапасына тоқталып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: