"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" ашылды » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" ашылды
16
қазан
2023

"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" ашылды

2022-2023 оқу жылында 160 ЖББМ Оқу-ағарту министрлігі бекіткен "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" негізінде "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" жұмыс істейді. Бұл орталықтың жұмысы мектеп әкімшілігі, мектептің педагог-психологтары, сынып жетекшілері мен Қамқоршылық Кеңес мүшелері арқылы жүзеге асырылады. «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КЕАҚ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің 2023 жылы  15 тамыздағы №4 хаттамасына сәйкес,  ата-аналарға өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастыруда көмек көрсету, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру, педагогикалық қолдау көрсету  мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кегенбаева А.А.  «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығы ашылуына байланысты мектеп әкімшілігі мен педагогтеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»  әр аптаның бейсенбі күндері1-4 сынып білім алушылары,  5-8 сынып білім алушылары, 9-11 сынып білім алушылары ата-аналарына берілген тақырыпта тәжірибесі мол, шығармашыл ұстаздардың дайындығымен ата-аналар қауымына сабақ жүргізетін  жұмыс тобының құрамы құрылды.  Ал 11"Б" сынып жетекшісі, тәжірибелі ұстаз Миронова С.Л.  ата-аналарға жиналыс өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Орталықтың міндеттері мен мақсаттары туралы айтылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: