Саптық ән-шеру байқауы » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Саптық ән-шеру байқауы
04
мамыр
2023

Саптық ән-шеру байқауы

5 мамыр күні 6-7-сынып оқушылары арасында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған «Саптық ән- шеру» байқауы өткізілді. Байқау барысында қатысушылар жоғарғы деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. Байқауға қатысқан сыныптар киім үлгісі, патриоттық ән айту өнері, эмблема, саптық жаттығу шеберлігі т.б. талаптар бойынша сайысқа түсті. Әділқазылар құрамында болған Қарасу ықшамауданы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Нарбаев Азат Жолдасбекұлы, мектебіміздің ардагер ұстазы Жетенова Бақыт Шамгалиевна  барлық бекітілген талаптарға сай ән айтып, саптық жаттығуларды шебер орындаған сыныптарды бағалап, лайықты жүлделерді анықтады. 
Қатысушы барлық сыныптар мен сынып жетекшілеріне алғыс білдіреміз. Жарайсыңдар!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: