Жас мамандарға әдістемелік көмек » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас мамандарға әдістемелік көмек
23
қаңтар
2023

Жас мамандарға әдістемелік көмек

Бүгінгі білім беру жүйесі дәстүрлі сабақтың қазығы арқылы, жаңартылған білім беру шартына сай ұйымдастырылады. Жаңартылған білім беру бағдар­ламасында білім мазмұнының жаңа­руымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқы­тудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қол­данудың тиімділігі көрсетілген. Сондықтан әрдайым педагогикалық қоғамдастық аясында әріптестік байланыста болу, өзара тәжірибе бөлісу - әдістемелік шеберлікті шыңдаудың, кәсіби жетістікке жетудің маңызды бөлігі. 

№160 ЖББМ жас ұстаздардың кәсіби құзіреттілігін табысты дамытуға бағытталған жас мамандар онкүндігі жалғасын табуда. Заманына сай лайықты, ұлттық діл мен жаһандану дәстүрін қатар ұстап, педагогикалық жолын ұштастырып жүрген жас мұғалімдеріміз үшін бұл онкүндіктің берері көп болатыны анық.

Онкүндік аясында жас ұстаздарға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мұғалімі Кегенбаева А.А. "Сабақты дұрыс жоспарлау: Блум таксономиясы" атты коучинг-сессия ұйымдастырып өткізді. Сабақты қалай жоспарлау керек деген проблемалық сұраққа жауап іздеп, сессияда қолданылған белсенді әдіс-тәсілдермен танысты. Блум таксономиясының тапсырма құрастырудағы, бағалауды дұрыс үйлестірудегі маңызы туралы талқылады. "Қысқа мерзімді жоспардың" үлгісі бойынша, сабақ жоспарын құрастырды. Сессия соңында мектеп директоры Г.Б.Аминова сөз алып, қатысушылардың жұмысына кері байланыс берді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

18 қараша 2022 Өрлеу