Мәдениеттің мәйегі - кітап » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мәдениеттің мәйегі - кітап
06
ақпан
2023

Мәдениеттің мәйегі - кітап

"Кітап - асыл қазына", сан ғасырлық адам мәдениетінің жемісі, ұлғатты, ақыл-даналықтың таусылмас кені. Кітап таңдап оқи білу, талғап оқи білу - мәдениеттілік пен білімділіктің көрінісі. Бұл орайда оқушыларға кітап оқуды әдетке айналдырып, жақсы қасиетті дарыту үшін жақсы ұстаз, жақсы жолдас, жақсы жетекші болғаны абзал. 

Біздің кішкентай оқушыларымыз, "кішіге -қамқор, үлкенге - ізет" жолымен әрқашан айналасындағы адамдарға үлгі болуға ұмтылады. Солардың бірі - 4 "В" сынып оқушысы Казиев Биаслан "Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт" республикалық жобасы аясында, сынып жетекшісі Себекова Фарида Ешмұхамбетованың бастамасымен "Бөлісе оқиық" акциясын ұйымдастырды. №177 бөбекжай-балабақша тәрбиеленушілеріне Биаслан өзінің жеке кітапханасынан ертегілер жинағын, энциклопедиялар топтамасын сыйлады. 

Биасланның ісі басқа да оқушыларымызға үлгі болады деп сенеміз. "Ізгіліктің бастауы ниетте" дегендей кішкене ниеттен үлкен істер туатынын ұмытпайық.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: