А.Байтұрсынов оқулары » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » А.Байтұрсынов оқулары
29
желтоқсан
2021

А.Байтұрсынов оқулары

Жуырда Алматы шаһарында онлайн форматта "Izdenis" мұғалімдер мен оқушылар порталының ұйымдастыруымен республикалық деңгейде  "А.Байтұрсынов оқулары" болып өтті. Аталмыш байқаудан мектебіміздің оқушылары да қалыс қалмады. Атап өтер болсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Майгуль Уалихановнаның жетекшілік етуімен 3 "в" - сынып оқушысы Карташева Татьяна ақынның "Оқуға шақыру" туындысын мәнерлеп оқып, жүлделі 2-орынға ие болды. Бұдан бөлек, Іңкәр Қайратқызының оқушылары, 1 "а"-сынып оқушысы Ян Асель, 3 "в"-сынып оқушысы Болдырева Алина 2-орын, 3 "а"-сынып оқушылары Жұмағали Амина жүлделі 1-орын және Абу Дінмұхамет 3-орындарға табан тіреді. Сондай-ақ, Ақбота Канапияевнаның шәкірттері  2 "в" -сынып оқушысы  Байтұрсын Эсмира 1-орынға, ал 2 "г"-сынып оқушысы Ушаков Руслан мен 5 "в"-сынып оқушысы Оразахунов Рамиске  жүлделі 2-орындар бұйырды. Осы ретте, білім алушыларды байқауға дайындаған ұстаздар ұйымдастырушылар тарапынан  арнайы алғыс хатқа ие болды. Ақын әрі ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған аталмыш  байқау оқушыларымыздың талабын шыңдап, білім көкжиегін кеңейтуге айтарлықтай үлес қосты деп ойлаймыз.
#@almaty_mektepteri #@edu.almaty




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: