Мұқағали мәңгілік - ғұмыр » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұқағали мәңгілік - ғұмыр
12
наурыз
2021

Мұқағали мәңгілік - ғұмыр

М.Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Мұқағали мәңгілік –ғұмыр" атты әдеби-сазды сайыс
        Алматы қаласы Алатау аудандық кітапханашыларының ұйымдастыруымен  
«Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша 12 наурызда  мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған  №160 жалпы білім беретін мектепте "Мұқағали мәңгілік –ғұмыр" атты аудан  ұстаздарының арасында  әдеби сазды сайыс  өткізілді. 
Кеш қонағы: Алатау аудандық білім бөлімінің әдіскері Смағұлова Алия Белгібаеванаға сөз берілді.
            Мектеп  директоры Даулетова Г.А. өз сөзін ақын айтқандай:  «Жалғасы бар жырымның жалғасы бар...»  дей отырып Алатау ауданының ұстаздары Мұқағали жалғасын №160 жалпы білім беретін мектепте әдеби сайыс өткізуге өз үлестерін қосуға келген барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Кеш барысында ұстаздар  өз шығармашылығымен көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп, ақынның әсем әндері мен сыршыл поэзиясын тарту етті. 
Алатау аудандық білім бөлімінің басшысы Ақмұрзаева Қ.М  ұстаздарды I,II,III дәрежелі 
дипломдармен марапаттады.
. Кеш соңынында Алатау аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы; Мұхамедиев Қайрат Тілеулиевич ұстаздарды құттықтап М.Мақатаевтың өлеңдер жинағын  сыйға тартты.







Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: