Робототехника мен инновациялық технологиялар бойынша ашық чемпионат өтті » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Робототехника мен инновациялық технологиялар бойынша ашық чемпионат өтті
22
желтоқсан
2022

Робототехника мен инновациялық технологиялар бойынша ашық чемпионат өтті

  21-22 желтоқсанда Алматы қаласында Алматы қаласы Әкімінің кубогы үшін роботехника және инновациялық технологиялар бойынша VII ашық чемпионат өтті. Мақсаты – балалар мен жастардың инновациялар мен инженерлік технологияларға қызығушылығын ояту, IT-құзыреттілікті дамыту және насихаттау, талантты жастар мен балаларды анықтау және қолдау. Чемпионат инженерлік жоба, бағдарламалық жоба, IT-тегі бизнес, 3D модельдеу және 3D графикасы, VEX Robotics, Кегельринг, Line бағыттары бойынша өткізілді. 


    Бұл чемпионатқа 160 ЖББМ атынан екі құрама топ қатысты. «3D-модельдеу және 3D-графика» бағыты бойынша Бурцев Артем, Мироненко Данил жүлделі III орынды, «Бағдарламалық жоба» конкурсы «Мобильді қосымшасын құру» номинациясы бойынша Титов Никита, Садиров Илхом да жүлделі ІІІ орынды қанжығаларына байлап қайтты. 

Қатысушыларды жеңісімен құттықтаймыз! 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: