17
қазан
2024
"1-сынып қатарына қабылдау" мерекесі
2024-2025 оқу жылының 1 тоқсаны аяқталып келеді. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер мектеп тәртібіне үйреніп қалды. Осы орайда мектебіміздің дәстүрі бойынша 1-сыныптарда "Оқушы қатарына қабылдау" мерекесі ұйымдастырылды. Кешегі балабақша тәрбиеленушілері бүгінде оқушы атанып, ата-аналарын қуантып отыр. Мерекелік шара әр сыныпта жеке өткізіліп, ата-аналары қонаққа шақырылды. Балалар ата-аналарына екі айда үйренгендерін көрсетіп, мақтанып, жақсы оқуға, тәртіпті, озат оқушы болуға сөз берді.