23
тамыз
2024
2024-2025 оқу жылының 1-сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді
23 тамыз 2024 жылы №160 ЖББ мектепте №2024-2025 жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1-сынып бүлдіршіндерінің ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналысты мектеп директоры А.С.Садыкова құттықтау сөзімен ашты. Мектеп директоры 1-сынып ата-аналарына сәттілік тілеп, алдағы жауапкершілігі мол оқу жылында ұстаздармен бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ жалпы мектеп туралы ақпаратпен таныстырды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары И.П.Эйслер мектептің ішкі тәртібі, мектеп формасы, ата-ананың жауапкершілігі туралы нормативтік құжаттардың мазмұнымен таныстырды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кегенбаева А.А. 2024-2025 оқу жылында мектеп жанында жұмыс істейтін "Ата-аналарды қолдау орталығының" жұмыс жоспарымен таныстырып, ата-аналарды тығыз қарым-қатынаста, нәтижелі жұмыс жасауға шақырды.