Штаб отырысы өтті » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Штаб отырысы өтті
28
наурыз
2024

Штаб отырысы өтті

 
















Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша штаб отырысы.
Тәрбие жұмысының штабы – мектепте оқушыларды тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтік қорғау бойынша кешенді жұмысты жүзеге асыратын, олардың құқықтарын қорғауға жәрдемдесетін, оқушылардың қоғамға жат мінез-құлықтарының алдын алу, олардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шараларын жүзеге асыратын орган. Мақсаты - кәмелетке толмағандар арасында мінез-құлық мәдениетінің жалпы қабылданған нормаларын және салауатты өмір салтын қалыптастыру. 2023-2024 оқу жылының үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің штаб отырысы өтті. 1-11 сынып жетекшілері сыныптың әлеуметтік төлқұжаты, оқушылардың сабаққа қатысуы, ата-аналармен жұмыс туралы ақпарат берді.
Өгей әке мен өгей шешемен тұратын оқушылармен жұмыс жасау туралы есеп берілді, бұл отбасылар әлеуметтік педагогтың ерекше назарында болады. Сынып жетекшілері ерекше қажеттіліктері бар (инклюзивті) балалар туралы да ақпарат берді. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қорытындыланып, одан әрі сыныппен жұмыс жасау үшін шешімдер қабылданды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: