Кәсіби бағдарлау жұмысы » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәсіби бағдарлау жұмысы
28
қараша
2023

Кәсіби бағдарлау жұмысы

Қазіргі уақытта заманауи білім беру кеңістігінде өскелең ұрпақты кәсіби бағдарлау мәселесі өте өзекті болып отыр. Қоғам дамуының қазіргі заманғы тенденциялары, еңбек нарығының динамикасы мен технологиялық прогресс заманауи адамға қойылатын талаптарға айтарлықтай әсер етеді. Мемлекеттің дарынды, шығармашыл жастарға сұранысы жастардың ерте кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтау қажеттілігін анықтайды. Осы мақсатты айқындай отырып,  Алатау аудандық Білім бөлімі және Алатау ауданы мектептерінің қатысуымен Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде ауқымды іс-шара өтті. Іс-шара барысында, кәсіби бағдар жұмыстарын дамыту үшін №160 ЖББМ директоры Садыкова А.С.  мектеп пен  колледж арасындағы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: