Есірткіге қарсы күрес: мамандармен кездесу » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Есірткіге қарсы күрес: мамандармен кездесу
27
сәуір
2023

Есірткіге қарсы күрес: мамандармен кездесу

Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні белгілі. Осыған орай мектептерде есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады. 

Осы мақсатта №160 ЖББМ 8-10-сынып оқушыларына арнап Қалалық психикалық сауықтыру орталығының маманы, психиатр-нарколог Кеңесбекова С.К. дәріс оқыды. Есіртікінің адам ағзасына зияны, психикалық және физиологиялық тәуелділік тудыру факторлары жайлы, өз тәжірибесіндегі түрлі кейстермен бөлісіп, есірткімен байланысты құқықбұзушылықтың жауапкершілігі туралы айтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: