16 қараша 2022 жылы Алатау ауданы, №160 ЖББМ қабырғасында «Бастауыш сынып білім алушыларын бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға ауданның 30 мектебінен бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинарды мектеп директоры Г.Б.Аминова ашты. Семинар жоспарында №160 ЖББМ бастауыш сынып зерттеуші мұғалімі Калашникова И.Г. шеберлік сыныбын көрсетсе, аудандық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының жеңімпазы Омарова Б.Қ. «Бастауы білім берудегі дескрипторды дұрыс құрастырудың маңызы» тақырыбында баяндама оқыды. Семинар соңында қатысушылармен бірлесе «Бастауыш сынып оқушыларының«Бастауыш сынып оқушыларын бағалауда қалыптастырушы бағалаудың рөлі» тақырыбында практикалық коучинг ұйымдастырылды.