30
мамыр
2019
Абайды оқып танысаң, жақсы адам, мықты маман боласың
Үстіміздегі жылдың сәуір айының 15 – інде Алматы қаласы Алатау ауданының мектептері арасында 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен «Абайды оқып танысаң, жақсы адам, мықты маман боласың» атты шығармашылық сайыс өтті. Сайысқа қазақтілді мектептер мен қатар №160 мектеп те дана Абай туралы, шығармаларын танып білу дәрежесін сынап көру мақсатында қатысуды жөн көрді. 5 «А» сынып оқушысы Сакиев Ділмурат Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқудан сайысқа қатысып Мақтау қағазбен, сыйлыққа Абайдың өлеңдер жинағы кітабын иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тойгулиева Кульман Сабыркеевна. Бұл шығармашылық сайыс туралы 23.04.2019 жылы №17 Республикалық «Ұлан» газетінде жарияланды.