18
наурыз
2024
18 наурыз - Ұлттық киімді ұлықтау күні
БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ - ның үш құндылығының бірі - ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ бағыты аясында мектебімізде аҰЛТТЫҚ КИІМ КИЮ үрдісін жолға қойылып отыр. Осы орайда 1-4- сынып оқушылары мен бастауыш сынып мұғалімдері балалардың бойында ұлттық дәстүрді дәріптеп, ұлттық киімге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға белсенді атсалысуда. 18-наурыз Ұлттық киім күні 1-4-сынып оқушылары салтанатты іс-шара өткізді. Ұлттық киімнің тарихы туралы айтылып, ән мен биден шашу шашылды.