Жыныстық сауаттылық пен ерте жүктіліктің алдын-алу шаралары
17 қазан күні №160 ЖББМ медбикесі Шамилева Г.А., педагог-психологтары Бурамбаева З.А., Төлеген А.Б. Қарасу ықшамауданына қарасты №21 емхана психологы Адраимова Г.А. бірлесе, 7-11-сынып қыз балаларына арнап "Ерте жүктіліктің алдын-алу және жыныстық сауаттылық" тақырыбында жеке жиналыс өткізді. Кездесу барысында танымдық видеороликтер көрсетілді. Қазіргі статистикалық мәліметтер талданып, өзекті мәселелерді шешу және алдын-алу жолдары қарастырылды. Оқушылардың сұрақтарына жауап берді.