Оқушыларымыздың жетістіктері » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушыларымыздың жетістіктері
БалаFEST фестивалі: хореография бағыты бойынша жеңімпаздарымыз
19
сәуір
2024
БалаFEST фестивалі: хореография бағыты бойынша жеңімпаздарымыз
БалаFEST балалар фестивалінің хореография бағыты бойынша Алматы қаласы, Алатау ауданы мектептерінің арасында өткен аудандық байқауда № 160 ЖББМ "Самал" би тобы "Қаражорға" замануи үлгідегі әнімен 2-орынға ие болды. Жетекшісі - Жексембиева С.А. Құттықтаймыз!
Алматы БалаFest  фестивалі\футбол ойыны аудандық іріктеудің жеңімпаздары
15
сәуір
2024
Алматы БалаFest фестивалі\футбол ойыны аудандық іріктеудің
В рамках фестиваля «Алматы БалаФест» учащиеся ХББМ №160 заняли 2 место в программе «Спорт на открытом воздухе» среди мальчиков 1-2 классов в районном отборочном периоде. Тренер: учителя физкультуры – Аханбек Н., Жумабеков Д. Поздравляем!
18-наурыз күні - Ұлттық киімді ұлықтау күні
18
наурыз
2024
18-наурыз күні - Ұлттық киімді ұлықтау күні
18 наурыз – Ұлттық киім күні. Бұл айтулы күні  әрбір қазақстандық өз мәдениеті мен ұлттық бірегейлігін мақтан тұтуға, ата-бабаларымызға құрмет көрсетуге және озық дәстүрлерімізді қазіргі заманға жалғауға атсалысады. Осы орайда №160 ЖББМ салтанатты жиын өткізіліп, ұлттық киімді ұлықтап, насихаттаудың тамаша үлгісін көрсеткен барлық сыныптар аталып, марапатталды.
Патриоттық тәрбие: "Сардар" аудандық олимпиадасының жеңімпазы
16
наурыз
2024
Патриоттық тәрбие: "Сардар" аудандық олимпиадасының жеңімпазы
Мектебіміздің 11 "Б" сынып оқушысы Ян Асыл Алатау аудандық "Сардар" олимпиадасына қатысып, номинациялар бойынша жүлделі 1 және 3 орындарға ие болды. Жетекшісі: Алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Игенбаев Т.К.
Үздік суретші атанды
15
наурыз
2024
Үздік суретші атанды
Алматы қаласы, Алатау ауданы №169 мектепте өткен Қазақ жазушыларының шығармаларына арналған "Беттерді парақтау" иллюстрациялық сурет салу шығармашылық конкурсының аудандық кезеңінен 14-17 жас аралығы бойынша №160 ЖББМ 8"Г" сынып оқушысы Төлеген Амир 3-орынға ие болды. Жетекшісі - Каратаева К.К. Құттықтаймыз!
Би өнерінен үздіктер қатарындамыз
12
наурыз
2024
Би өнерінен үздіктер қатарындамыз
Мектебіміздің хореграфия үйірмесінің жетекшісі Жексембиева С.А. бастаған "Томирис" тобы "Інжу -Маржан" атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы ұлттық - дәстүрлі өнер байқауы "Хореография" номинациясы бойынша 2 орынға иеленді. Құттықтаймыз!
"Ұстаз барысы -2023"
25
желтоқсан
2023
"Ұстаз барысы -2023"
14 желтоқсан 2023 жылы Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен және "Алматы қалалық "Ұстаз" жергілікті кәсіподақ ұйымының қолдауымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінен орай "Ұстаз Барысы -2023" сайысы өтті. Қала мектептерінің ең үздік спортшы ұстаздары бәсекеге түсіп, бағын сынады. Сайыс қорытындысы бойынша мектебіміздің дене шынықтыру мұғалімі Мұхаметчанов Адиль 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 1-орынға ие болды.
"Үздік сабақтар қоры" қалалық байқау
22
қараша
2023
"Үздік сабақтар қоры" қалалық байқау
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының "Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері"   бағдарламасы аясында орта білім беру ұйымдарының педагогтері арасында өткізілген "Үздік сабақтар қоры"  атты қалалық байқаудың қорытындысы бойынша "Математика" пәнінен №160 ЖББМ математика пәні мұғалімі Аскарова Г.А. 2-орынға ие болды.