"Мектебім - мейірім мекені". Алғашқы қоңырау салтанаты
1 – қыркүйек білім күніне арналған «МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» тақырыбындағы «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өтті. Мектеп келешекті тәрбиелейтін киелі шаңырақ болса, осы шаңырақ басшысы Садыкова Алия Сагындыковна алғашқы сөз кезегін алып, оқушыларды, ата-аналарды, ұстаздарды, салтанатты жиынға қатысушы қонақтарды «Білім мерекесімен» құттықтады. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері Кадыров Бахтияр сөз сөйлеп, білім күнімен салтанатты жиынға қатысушыларға жылы лебізін білдрді. Салтанатты жиын