16
қыркүйек
2024
Бала қауіпсіздігі - күн тәртібіндегі өзекті мәселе
16 қыркүйек күні №160 ЖББМ педагогикалық ұжымына арналған "Бала қауіпсіздігі - күн тәртібіндегі өзекті мәселе" тақырыбында жиналыс өтті. Мектеп директоры А.С.САдыкова ұстаздар қауымына "Педагог мәртебесі" туралы заңның қолданысы туралы түсіндіріп, мұғалімнің жауапкершілігі туралы айтып өтті. Мектептің ішкі ереже тәртібі,мұғалімнің кәмелеттік жасқа толмағандарды қорғау мен құқығын сақтаудағы рөлі туралы түсіндірді. Интернет қауіпсіздігі, буллингтен қоғау мен алдын-алу шаралары туралы айтылды.