Оқиғалар » Страница 8 » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 8
Көңілді тапқырлар клубы
21
қазан
2024
Көңілді тапқырлар клубы
21 қазан 2024 жылы 7-8-сыныптар арасында 25-қазан Республика күніне арналған "Мен - елімнің болашағымын" тақырыбында "Көңілді тапқырлар клубы" ойыны өтті. Ойынға 9 құрама қатысып, тартысты өтті. Ойын нәтижесінде 8 "А" сынып "KZ Republic" тобы жеңіске жетті.   
"Таза Қазақсстан" акциясы өтті
19
қазан
2024
"Таза Қазақсстан" акциясы өтті
19 қзазан 2024 жылы "Таза Қазақстан" республикалық акциясы жалғасын тауып, жалпыхалықтық челленджге айналды. Басты мақсат - қоршаған ортаны сақтап, экомәдениетті қалыптастыру.
"Алтын күз" мерекесі
18
қазан
2024
"Алтын күз" мерекесі
18 қазан 2024 жылы 2-4-сыныптарда "Алтын күз" мерекесі өтті. Мереке Ренспублика күніне орайластырылып ұйымдастырылды. Оқушылар ертегі желісін сахналап, әсем Күзді қонаққа шақырды. Өзінің жаймашуақ күндері мен жаңбырлы сәттерімен есте қалар күз мезгілі тамаша мейрамдарға толы. Соның бірі - Республика күні. Еліміздің кішкентай патриоттары осы мерекеге сай жеріне, өлкесіне арнап өлең шумақтарын оқыды, ән арнады. 
Білікті ұстаздарымыз
17
қазан
2024
Білікті ұстаздарымыз
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен де қымбат" атты бағдарламалық мақаласын білім беру саласының мамандары мен білім алушылардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген республикалық эссе жазу байқауына дарынды оқушылармен бірге қатысып, "Қазақстан дарыны" номинациясы бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кощанова Гульмира Джансултановна 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз! 
"1-сынып қатарына қабылдау" мерекесі
17
қазан
2024
"1-сынып қатарына қабылдау" мерекесі
2024-2025 оқу жылының 1 тоқсаны аяқталып келеді. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер мектеп тәртібіне үйреніп қалды. Осы орайда мектебіміздің дәстүрі бойынша 1-сыныптарда "Оқушы қатарына қабылдау" мерекесі ұйымдастырылды. Кешегі балабақша тәрбиеленушілері бүгінде оқушы  атанып, ата-аналарын қуантып отыр. Мерекелік шара әр сыныпта жеке өткізіліп, ата-аналары қонаққа шақырылды. Балалар ата-аналарына екі айда үйренгендерін көрсетіп, мақтанып, жақсы оқуға, тәртіпті, озат оқушы болуға сөз
Құқықбұзушылықтың алдын-алуға бағытталған жұмыстар
14
қазан
2024
Құқықбұзушылықтың алдын-алуға бағытталған жұмыстар
14 қазан 2024 жылыАлатау ауданы ЖПҚБ ЮПБ УПИ полиция аға лейтенаты Н.Бейбітұлы «Жолда жүру ережелері. Құқықтық жауапкершілік. Заң және тәртіп" тақырыбында 5-11-сыныптарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"Сенім бұрышы" QR сілтемесі жұмыс жасайды
10
қазан
2024
"Сенім бұрышы" QR сілтемесі жұмыс жасайды
№160 ЖББМ Құқықбұзушылықты болдырмау, оқушылар арасындағы буллинг, мектеп ішкі тәртіп ережесін бұзу, бопсалау, т.б. алдын-алу мақсатында Құқықбұзушылықтың алдын-алу шаралары 2024-2025 оқу жылына бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес атқарылады. Жоспарға сәйкес "Сенім бұрышы"  QR сілтемесі жұмыс жасайды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кегенбаева А.А. 5-11-сыныптар арасында құқықбұзушылықтың жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, "Сенім бұрышының" пайдасы туралы айтып өтті.
Дебат ойыны
08
қазан
2024
Дебат ойыны
"Біртұтас тәрбие бағдарламасына" сәйкес "Ұшқыр ой алаңы" жобасы бойынша мектепте "Фемида" дебат клубы жұмыс жасайды. Дебат қозғалысының жұмыс жоспарына сәйкес, 8 қазан күні "Бұл палата "Қазақстанда АЭС салу керек" деп есептейді" тақырыбында дебат ойынын өткізді.
Өзін-өзі басқару ұйымы "Дублер күнін" ұйымдастырды
04
қазан
2024
Өзін-өзі басқару ұйымы "Дублер күнін" ұйымдастырды
5 қазан күні №160 ЖББМ директоры Садыкова А.С. өзін-өзі басқару басқару ұйымының президенті Федоренко Ярославты "Дублер күнінде" мектеп басшылығы қызметіндегі жауапкершілігімен құттықтады. Федоренко Ярослав бастаған мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы Дублер күнін жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізді.