"Сенім бұрышы" QR сілтемесі жұмыс жасайды » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Сенім бұрышы" QR сілтемесі жұмыс жасайды
10
қазан
2024

"Сенім бұрышы" QR сілтемесі жұмыс жасайды

№160 ЖББМ Құқықбұзушылықты болдырмау, оқушылар арасындағы буллинг, мектеп ішкі тәртіп ережесін бұзу, бопсалау, т.б. алдын-алу мақсатында Құқықбұзушылықтың алдын-алу шаралары 2024-2025 оқу жылына бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес атқарылады. Жоспарға сәйкес "Сенім бұрышы"  QR сілтемесі жұмыс жасайды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кегенбаева А.А. 5-11-сыныптар арасында құқықбұзушылықтың жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, "Сенім бұрышының" пайдасы туралы айтып өтті. Оқушылар әрқашан ұстаздар қауымына, мектеп әкімшілігіне сенім білдіре алатындығын, мектептің тыныс-тіршілігіне, өздеріне қатысты толғандырған бір жағдайларды бөлісе алатындықтарын жеткізді.  Оқушыларды бірлесе мектептің тәртібін бірге қадағалауға, айналада болып жатқан жағдайларға немқұрайлы болмауға, қоғамдағы азаматтық жауапкершіліктің маңызы туралы айтты. 
Бұл сілтеме 2023-2024 оқу жылынан бастап жұмыс жасайды, мектептің барлық кабинеттерінде ілінген. Оқушылар анонимді түрде хабарламалар қалдыра алады. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: