ҰБТ - 2026 » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
қыркүйек
2025

ҰБТ - 2026

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ – 2026

«Бірыңғай ұлттық тестілеу (ҰБТ) – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түсуге арналған іріктеу емтихандарының нысандарының бірі» (ҚР «Білім туралы» Заңы, 1-бап, 56-тармақ).

Оқуға түсушілер тестілеуге Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) сайты арқылы онлайн-режимде тіркеле алады; Тестіленушілер тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдай алады; Тестілеу «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты бойынша электрондық форматта өткізіледі; Бір және бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары қолданылады; Тестілеу нәтижесі тестілеу аяқталғаннан кейін бірден беріледі; Техникалық себептер бойынша өтініш тестілеу процесінде беріледі; Тест тапсырмасының мазмұны бойынша апелляцияға өтініш тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі; Апелляциядан бас тартқан жағдайда, тестіленуші өзінің жеке кабинетінде ӨАК отырысы басталғанға дейін апелляцияға берген өтінішін кері қайтарып ала алады.


ҰБТ ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІ

Өтініш беру мерзімі

Тестілеу мерзімі

20 желтоқсаннан 30 желтоқсанға дейін

10 қаңтардан 10 ақпанға дейін

15 ақпаннан 25 ақпанға дейін

1 наурыздан 6 сәуірге дейін

10 сәуірден 25 сәуірге дейін

10 мамырдан 10 шілдеге дейін

25 шілдеден 5 тамызға дейін

10 тамыздан 20 тамызға дейін

Экспортировать в Таблицы


ҚАТЫСУ ҚҰНЫ

  • БҰТ-қа қатысу құны – 5 640 теңге;
  • Ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері үшін 10 мамырдан 10 шілдеге дейінгі кезеңдегі БҰТ (2 мүмкіндікті ескере отырып) – тегін өткізіледі.


ТЕСТІЛЕУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР

10 қаңтардан 10 ақпанға дейін

  • Білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып оқушылары;
  • Өткен жылдардағы мектеп және ТжКБ түлектері (толық оқу мерзіміне);
  • ЖОО-ға академиялық кезеңге қабылданған студенттер (шартты түрде қабылданғандар);
  • ЖОО-да шығармашылық дайындықты талап ететін БББТ бойынша оқитын және басқа БББТ-ға ауысқысы келетін студенттер;
  • ЖОО-да басқа БББТ бойынша оқитын және педагогикалық БББТ-ға ауысқысы келетін студенттер.

1 наурыздан 6 сәуірге дейін

  • Білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып оқушылары;
  • Өткен жылдардағы мектеп және ТжКБ түлектері (толық оқу мерзіміне);
  • Шетелдегі 11 (12) сынып оқушылары;
  • ҚР азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері (диаспора, толық оқу мерзіміне);
  • ЖОО-ға академиялық кезеңге қабылданған студенттер (шартты түрде қабылданғандар).

10 мамырдан 10 шілдеге дейін

  • Ағымдағы жылғы мектеп түлектері;
  • Өткен жылдардағы мектеп және ТжКБ түлектері (толық және қысқартылған оқу мерзіміне);
  • Шетелдегі 11 (12) сынып оқушылары;
  • ҚР азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері (толық және қысқартылған оқу мерзіміне);
  • ЖОО-ға академиялық кезеңге қабылданған студенттер (шартты түрде қабылданғандар).

10 тамыздан 20 тамызға дейін

  • Ағымдағы жылғы мектеп түлектері;
  • Өткен жылдардағы мектеп және ТжКБ түлектері (толық оқу мерзіміне);
  • Шетелдегі 11 (12) сынып оқушылары;
  • ҚР азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдері (диаспора, толық оқу мерзіміне);
  • ЖОО-ға академиялық кезеңге қабылданған студенттер (шартты түрде қабылданғандар);
  • ЖОО-да шығармашылық дайындықты талап ететін БББТ бойынша оқитын және басқа БББТ-ға ауысқысы келетін студенттер;
  • ЖОО-да басқа БББТ бойынша оқитын және педагогикалық БББТ-ға ауысқысы келетін студенттер.


ҰБТ - ға ӨТІНІШТІ ҰТО САЙТЫ ЖӘНЕ МОБИЛЬДІК ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ БЕРУ

Өтініштер ҰТО сайтындағы жеке кабинет арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады:

  1. АВТОРИЗАЦИЯ және жеке кабинет құру (электрондық пошта және ЖСН арқылы https://app.testcenter.kz/ жүйесінде тіркелу)
  2. Дербес деректерді өңдеуге КЕЛІСІМ және тестілеудегі тәртіп ережелерімен ТАНЫСУ
  3. Ұлттық білім беру дерекқорынан (ҰБДҚ) АЛЫНҒАН ДЕРЕКТЕР. ЖСН енгізген кезде ҰБДҚ-дан Т.А.Ә., ұлты, азаматтығы, оқу орны туралы деректер жүктеледі.
  4. ТЕСТІЛЕУ ДЕРЕКТЕРІ (өтініш берушілер тестілеудің тілін, бейіндік пәндерді, тестілеу орнын және уақытын таңдайды)
  5. БАСҚА ДЕРЕКТЕР (өтініш берушілер ұялы телефон нөмірлерін, халықаралық сертификаттар туралы деректерді (бар болса), мүгедектік туралы деректерді (бар болса) толтырады)
  6. ТӨЛЕМ: Тестілеу құны – 5640 теңге (төлемді бір сағат ішінде, Halyk қосымшасы арқылы жасау қажет)
  7. Барлық ақпарат тіркеу аяқталғаннан кейін жеке кабинетте қолжетімді болады.

Тестіленушілер назарына:

  • Нұсқаулықпен және БҰТ ережелерімен танысыңыз;
  • Өтініш бергеннен кейін жеке кабинеттің логині мен құпиясөзін сақтап алыңыз.

Ескерту: Мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдар (көру, есту, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған) мүгедектікті белгілеу туралы құжаттарды БҰТ-қа өтініштер қабылдау бағдарламалық қамтамасыз етуіне тіркеп, көмекшінің қажеттілігі туралы көрсетеді.


app.testcenter.kz САЙТЫНДАҒЫ ЖЕКЕ КАБИНЕТТІҢ ЛОГИНІН НЕМЕСЕ ҚҰПИЯСӨЗІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

Егер сіз app.testcenter.kz сайтына кіру үшін логинді немесе құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, келесі әрекеттерді орындау қажет:

  1. AppStore немесе PlayMarket-тен UTO.KZ қосымшасын жүктеп алыңыз;
  2. «Құпиясөзді ұмыттыңыз ба» деген жазуы бар батырманы басыңыз;
  3. «Face ID арқылы құпиясөзді қалпына келтіру» батырмасын таңдаңыз;
  4. ЖСН енгізіңіз;
  5. Идентификациядан өтіңіз;
  6. Жаңа құпиясөз жасаңыз;
  7. «Кіру» бөліміне өтіп, ЖСН, телефон нөмірін және жаңа құпиясөзді енгізіңіз. «Кіру» батырмасын басыңыз.


ТЕСТІЛЕНУШІГЕ РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ

  • Тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз аудиториядан (компьютерлік сыныптан) 10 минуттан артық шығуға;
  • Сөйлесуге, орыннан-орынға ауысып отыруға;
  • Қатысушыға жұмыс істеу үшін берілген құжаттармен және А4 форматындағы қағазбен алмасуға;
  • Тестілеу материалдарын, құжаттарды және А4 форматындағы қағазды аудиториядан (компьютерлік сыныптан) алып шығуға, бүлдіруге;
  • Аудиторияға (компьютерлік сыныпқа) тыйым салынған заттарды алып кіруге және/немесе пайдалануға: фото, кез келген ұялы байланыс құралдары, пейджерлер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad, iPod, SmartPhone, рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, смарт көзілдіріктер, фитнес-білезіктер (трекерлер), диктофон, сымды, сымсыз құлақаспаптар, микроқұлақаспаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS навигаторлар, GPS трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM, 3G, 4G, 5G, VHF, UHF, Wi-Fi, GPS, Bluetooth, Dect, сонымен қатар шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, Менделеев және тұздардың ерігіштік кестесі, калькулятор, барлық түрдегі қағаздар;
  • Тестілеу алдында немесе кезінде шулауға;
  • Тест тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жариялауға;
  • Тестілеуді пайдалану техникасын және қауіпсіздік жүйесін қасақана бүлдіруге;
  • Тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өтуге байланысты бұзушылықтар.

Бұл ретте компьютердің тестілеу интерфейсінде орналасқан калькуляторды, Менделеев және тұздардың ерігіштік кестесін пайдалануға рұқсат етіледі. Қатысушы аудиториядан шыққан кезде, аудиторияға қайта кірген кезде металл іздегішпен тексеру жүзеге асырылады.


ҰБТ ФОРМАТЫ

Пән

Тапсырма саны

Шекті балл

Қазақстан тарихы

20 тапсырма

5 балл

Математикалық сауаттылық

10 тапсырма

3 балл

Оқу сауаттылығы

10 тапсырма

3 балл

Таңдау пәні 1

40 тапсырма (50 балл)

5 балл

Таңдау пәні 2

40 тапсырма (50 балл)

5 балл

Барлығы

120 тапсырма

140 балл

Экспортировать в Таблицы

Жалпы орындау уақыты: 4 сағат (240 минут)

  • Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмалары – 25 тапсырма
  • Контекст негізіндегі тест тапсырмалары – 5 тапсырма
  • Сәйкестікті орнатуға арналған (әрқайсысы 2 балл) – 5 тапсырма
  • Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен (әрқайсысы 2 балл) – 5 тапсырма

Мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдар (көру, есту, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған) үшін БҰТ пәндері бойынша тест тапсырмаларының нұсқалары схемаларды, кестелерді, суреттерді, карталарды және графиктерді пайдаланбай жасалады.

ҰБТ БЕЙІНДІК ПӘНДЕРІНІҢ КОМБИНАЦИЯЛАРЫ

  • Математика – Физика
  • Биология – Химия
  • Математика – Информатика
  • Қазақ тілі – Қазақ әдебиеті
  • Орыс тілі – Орыс әдебиеті
  • Шет тілі – Дүниежүзі тарихы
  • Биология – География
  • Математика – География
  • Дүниежүзі тарихы – Құқық негіздері
  • Дүниежүзі тарихы – География
  • География – Шет тілі
  • Химия – Физика
  • Шығармашылық емтихан – Шығармашылық емтихан

ҰБТ - ға ДАЙЫНДАЛУ ҮШІН

Тестілеуге қатысушыларды қолдау мақсатында ҰТО сайтында https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/ent/dlya-podgotovki-k-ent-i-ent-tipo/ келесі материалдар ұсынылған:

Сондай-ақ, ҰТО проблемалық тестілеу өткізеді:

  1. Онлайн тегін проблемалық тестілеу: https://prob-ent.testcenter.kz сайты арқылы;
  2. Онлайн ақылы проблемалық тестілеу: https://app.testcenter.kz/profile/prob-test сайты арқылы;
  3. Офлайн проблемалық тестілеу: өңірлік тестілеу орталықтарында (ӨТО) (проблемалық тестілеуге тіркелу сайт арқылы).


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: