"Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі" жазғы лагері
АББ кестесіне сәйкес 03-07 маусым аралығында № 160 ЖББМ 8 - сынып оқушылары жазғы лагерьге автомобиль көлігін жөндеу шебері , токарь , автослесарь , дәнекерлеу, электрик , тігін , шаштараз өнері мамандықтары бойынша қатысты . Оқытушы Серікбек Қасымұлы оқушылармен колледж бойынша экскурсия өткізді , сондай-ақ балаларға өз бетінше жұмыс істеуге және өз қолдарымен әр-түрлі бұйымдар жасауға мүмкіндік берді. Апта өте жемісті және қызықты өтті . Көптеген оқушылар мамандықтарға өте қызығушылық танытты