25
мамыр
2024
2023-2024 оқу жылының аяқталуы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің № 05-05-4/3260 И 15.05.2024ж оқу жылын қорытындылау бұйрығына сәйкес, биыл мектептердегі оқу мерзімі 25 мамырда аяқталды. Мектеп бітіруші түлектер үшін «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбындағы мектеп бітірушілер іс-шарасы 25 мамырда сағат 9.30 –да басталды. Мектеп бітірушілер іс-шарасының құрметті қонақтары ретінде ата-аналар мен қамқоршылық кеңес мүшелері, ардагер ұстаздар шақыртылды. Алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің директоры А.с.Садыковаға берілді. Мектеп директоры мектеп түлектеріне жылы лебіз айтып, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін мұғалімдерге алғыс айтты.