06
желтоқсан
2024
Викторина “Harry Potter”
Викторина барысында Гарри Поттер шығармасы туралы толық ақпараттар беріліп, топпен бірге бірінші оқылым дағдысы бойынша шығарманың қысқаша мазмұнын оқып кітап бөлімдеріне тиісті оқиғаларды сәйкестендірді. Сонымен қатар айтылым, тыңдалым, жазылым және граммтикалық тапсырмалар орындап оқушылар белсенділік таныта білді. Айтылым бөлімінде топ бойынша “Book Review” этаптарын қолдана отырып Гарри Поттер шығармасына, кітаптарына анализ жасады. Сабақ соңында оқушыларға мотивация беру мақсатында Гарри Поттердан оқуда үздік болу жолдары жазылған хат таратылып, кері байланыс алынды.Жауапты:ағылшын пәнінің мұғалімдері Темиракын Д, Хусезова Р.



