“Өнегелі 15 минут” шарасы » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Өнегелі 15 минут” шарасы
15
сәуір
2025

“Өнегелі 15 минут” шарасы

  Бұл жоба білім беру мекемелерінде тәрбиелік мазмұндағы іс-шараларды күнделікті қысқа уақыт ішінде өткізу арқылы оқушыларға рухани, адамгершілік және мәдени құндылықтарды үйретуді мақсат етеді. Мектебімізде жоба қарқынды жүзеге асырылып келеді. Оған бастауыш сыныптан бастап жоғары сынып оқушыларына дейін белсенді қатысуда. Шәкірттеріміз ата-әжелерінің, ата-аналарының өмірден түйген тағылымды әңгімелерін тыңдап, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіруде. Сөз орайы келгенде, аталмыш жобаның дамуына және алға қадам басуына үлес қосып жатқан мектебіміздің ата-аналарына шынайы алғысымызды білдіреміз.
 Өмірде уақыттың қадірін түсініп, әр сәттің мәнін ұғу – адам үшін маңызды қасиеттердің бірі. Осыны ескере отырып, мектептерде «Өнегелі 15 минут» жобасын енгізу – оқушылардың тұлғалық дамуына ықпал ететін ерекше бастама. Аталмыш жоба тәрбиелік мәні терең және әр оқушының жүрегіне жол табатын тиімді әдіс ретінде танылып отыр. «Өнегелі 15 минут» – тек уақытша шара емес, ол оқушының күнделікті өміріне өнеге мен тәрбие енгізудің, рухани дамуына ықпал етудің құралы. Бұл жобаның ең басты мәні – әрбір минуттың құндылығын түсіндіру.
 Жобаның басты идеясы – қарапайым, бірақ әсерлі. Яғни, отбасымен қатар мектеп қабырғасында таңертеңгі немесе сабақ арасындағы 15 минут ішінде мұғалімдер мен оқушылар өзара әңгімелесіп, өнегелі оқиғаларды тыңдайды, өмірлік маңызды мәселелерді талқылайды. Осы аз уақыттың өзінде оқушыларға жақсылықтың, адалдықтың, мейірімділіктің, уақытты тиімді пайдаланудың маңызын ұғындыруға болады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: