Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының пезиденті сайлауы » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының пезиденті сайлауы
01
қазан
2024

Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының пезиденті сайлауы

2024-2025 оқу жылына арналған "Өзін-өзі басқару" ұйымының жұмысы "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" негізінде ұйымдастырылады. 
Өзін-өзі басқару ұйымының мақсаты:
Өзін-өзі басқару ұйымы қарым-қатынасты ізгіліктендіру; ұжым өмірін жариялыққа, еркіндікке негіздей отырып, оқушыларды қоғам мен мемлекетті басқару тетігіне дайындайды. Оқушылар әрекетінің еріктілігі , жариялылығы , тең құқылылығы; жалпы адами асыл құндылықтарды шынайы бағалауға бағыттау; өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызу. Мектеп өмірінің мәселелерін шешуде оқушылардың өзін-өзі басқараудағы өз бетімен шешім қабылдау қабілеттілігі , оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарының жауапкершілігі , оқушылардың өзін-өзі басқару өкілеттілігін тағайындау , оқушылардың өзін-өзі басқаруда алуан түрлі әдістерді пайдалануды үйрету.
Парламент мүшелерінің мақсаты:
Білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу. Білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру. Ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту. Өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.
Осы орайда 2024 жылдың 19 қазанында "Өзін-өзі басқару ұйымын" президентіне сайлау өтеді. Ұйым президентіне үміткер 10 "А" сынып оқушысы Федоренко Ярослав, 9 "Б" сынып оқушысы Мухпулов Имран, 9 "Б" сынып оқушысы Кистаубаев Алпамыс өзінің сайлауалды бағдарламаларымен оқушыларды таныстырып, үгіт-насихат жұмысын бастап кетті. Үміткерлерге сәттілік тілейміз!
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: