“Мектепке жол” Республикалық қайырымдылық акциясы өтуде
Құрметті ата-аналар мен жомарт жандар! Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізде дәстүрлі “Мектепке жол” Республикалық қайырымдылық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – көп балалы, аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және қиын жағдайдағы балаларға мектепке дайындалуға көмек беру. Қайырымдылық жасауға мүмкіндігі бар азаматтарды, ата-аналарды, кәсіпкерлерді осы шараға белсене қатысуға шақырамыз. Көмек ретінде қабылданады: Мектеп формасы Сөмке Оқу құралдары (дәптер, қаламсап, т.б.) Аяқ киім және