«Жас Қыран» балалар ұйымының қатарына қабылдау!
Бұл күн біздің оқушылар үшін ерекше болды — олар өз елінің лайықты азаматы болуға, үлкендерді құрметтеуге, жақсы оқуға және “Жас Қыран” көгілдір төсбелгісін мақтанышпен тағуға ант берді. “Жас Қыран” — достықтың, отаншылдықтың, туған жерге адалдықтың және жаңа биіктерге ұмтылыстың символы. Ұйымның жаңа мүшелері әрдайым белсенді, мақсатшыл және Қазақстанның өсіп келе жатқан буынының лайықты өкілдері болсын!