Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары » КГУ ОШ №160
Алматы қаласы
Білім басқармасының
«№160 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Телефон приемного:
+7(727) 299-43-11
Телефон бухгалтерия:
+7(727) 299-42-42
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары
27
сәуір
2026

Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары

 


Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары



Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті педагогтерді аттестаттау мәселесі бойынша келесіні хабарлайды. 

Аттестаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидаларымен және шарттарымен (бұдан әрі – Қағидалар) жүзеге асырылады және педагогтердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі. 

           Осыған байланысты педагогтерді аттестаттау рәсімін сапалы жүргізу және ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына жұмыс барысында ұсынылған түсіндірмелерді пайдалану ұсынылады.

           «Педагог-шебер» біліктілік санаты бар педагогтердің «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына беруі бойынша 

Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе педагогикалық қайта даярлау туралы құжаты бар педагогтерді аттестаттау кәсіптік стандартқа және біліктілік сипаттамаларына сәйкес өту мерзімдері мен біліктілік санатының бірізділік принциптерін сақтай отырып жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, «педагог-шебер» біліктілік санаты бар педагогтің ұсынылған материалдары (портфолиосы) қолданыстағы біліктілік санатына қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, педагог «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына аттестаттаудан өтуге құқылы. Бұл ретте аталған санатқа тапсыру педагогтердің білімін бағалау (бұдан әрі – ПББ) нәтижесін ұсынусыз жүзеге асырылады.

ПББ нәтижесінің жарамдылық мерзімі бойынша 

Қағидалардың 15-тармағына сәйкес аттестаттаудан өтетін педагогтер үшін мемлекеттік қызмет электрондық үкіметтің веб - порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы – «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші санаттағы басшы», «үшінші санаттағы басшы орынбасары», «екінші санаттағы басшы орынбасары», «бірінші санаттағы басшы орынбасары» біліктілік санаттарына көрсетіледі.

Қағидалардың 53-тармағына сәйкес ПББ нәтижесі ПББ тапсырған күннен бастап бір жылға жарамды болып саналады. 

Осыған байланысты, ағымдағы жылы Портал арқылы біліктілік санатын алуға (растауға) өтініш беретін педагогтер үшін 2025 жылдың ақпан айынан бастап тапсырған ПББ нәтижелері, сондай-ақ «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы арқылы  біліктілік санатын алуға (растауға) өтініш беретін педагогтер үшін 2025 жылдың сәуір айынан бастап тапсырған ПББ нәтижелері жарамды болып есептелінеді.

Басшының және басшының орынбасары лауазымындағы педагогтерге мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты 

Қағидалардың 15-тармағына сәйкес аттестаттаудан өтетін педагогтер үшін Портал арқылы – «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші санаттағы басшы», «үшінші санаттағы басшы орынбасары», «екінші санаттағы басшы орынбасары», «бірінші санаттағы басшы орынбасары» біліктілік санаттарына көрсетіледі.

Педагогтерді аттестаттау үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі Қағидалардың 1-қосымшасында айқындалған.

Сонымен қатар, Қағидалардың 13-қосымшасына сәйкес білім беру ұйымдарының басшыларының қызметін бағалау олардың басқарушылық құзыреттерін, қызмет нәтижелілігін және ұйым қызметінің көрсеткіштерін ескере отырып жүзеге асырылады.

Осыған байланысты, Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген құжаттар тізбесі педагог қызметкерлерге ортақ болып табылғанымен, басшылар мен басшы орынбасарларының қызмет ерекшеліктеріне байланысты олардың портфолиосын қабылдау және бағалау кезінде Қағидалардың 13-қосымшасында көзделген көрсеткіштер басшылыққа алынады.



Орта білім беру комитеті

төрағасының орынбасары                                                   З. Махсутова








": А.Оспанова

': 74-26-27

a.ospanova@edu.gov.kz


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: