16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні атап өтілді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - арымдай аңсар әнім!" атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. 1-11-сынып оқушылары еліміздің егемендігін ұлықтап, әннен шашу шашып, бишілеріміз мың бұрала биледі. Мектеп директоры Садыкова Алия Сагындыковна оқушылар мен ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады. Кештің құрметті қонақтары Желтоқсан оқиғасының қаһармандары Утениязов Н.А., Саденова Н.К. жүрекжарды лебіздерін білдірді.